Негізінен Жетісу мен Тянь-Шаньда қоныстанған, басында гуньмо тұрған көшпелі тайпалық бірлестік ... деп аталды
Жауап пен талдауды көрсетуЖауап пен талдауды жасыру
Дұрыс жауап
- Aүйсіндер
Талдау
Үйсіндердің билеушісін гуньмо деп атаған. Бұл тайпалық бірлестік Жетісу мен Тянь-Шаньды мекендеген. Сарматтар Оралдың маңы мен Еділ бойында, қаңлылар Сырдария алабында, массагеттер Арал теңізі маңында және Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүрген. Сондықтан дұрыс жауап — «үйсіндер».