Қазақ әдебиеті пәнінен № 722 тапсырма: Көркем шығарма үзіндісімен жұмыс

Көркем шығарма үзіндісімен жұмысМәтін бойынша · орташа

Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады. Біресе өздері беріп тұрып: "же" дейді. Біресе сондай тамақты өзі тауып алып жеп жатса, ұрып салады. Сол себепті кей кездері алдына дайындап қойған тамақты да жемей, көзінің астымен жалт-жалт қарап жатушы еді. Қалай да болса үзіп-жұла жүріп, Көксерек аш болмайтын. Күніне екі мезгіл тамақ ішу мұның шарты болып алды. Екі рет қолдан ас құйылмаса, ол күні Көксерек өз бетімен барып бірдемені жеп жататын. Осымен жүріп жаз ортасы ауған кезде Көксерек зіңгіттей көк шолақ қасқыр болып шықты. Енді қара ала төбет те талай алмайды. Жота жүні үрпиіп, көздері жасылданып, бар тістерін көрсетіп, аузын ақситып ашып жіберіп, тап бергенде талай бұралқы төбет, быжыл қаншық қаңсылай, шәуілдей қашатын болды. Мынадай кезде Құрмаштың өзі де қорқақтай барып, қой-қойлайтын еді. Жетілмей келе жатқан тісі ғана. Көксерек арлан еді. Сондықтан бұның бойы биіктене берді. Әлі тұрқы шығып ұзарған жоқ. Барлық жүні қара көк, жотасы күдірейіп, ауыз омыртқа мен құйрығына шейін тұп-тұтас болып, күлдіреуіштей бүгіледі. Атылып келе жатқан садақ оғындай үңілген, сүйірленген бір бітімі бар. Өзі ешкімге ізденіп соқтықпайды. Ит баласына заты қастай жібімейді. Әлі күнге бір рет жадырап ойнап көрген емес. Татулық жоқ, суық. Жалғыз-ақ атын біледі. Құрмаш пен әжесі шақырса, келеді. Онда да жүгіріп келмей, құйрығын сөлектетіп, бүкеңдеп қана келеді. Бұны да ашыққан уақытында істейді. Әйтпесе, көбінесе анадай жерде қырыстанып, көзінің астымен жалт-жұлт қарап жатып алады. Барып түрткілеп, орнынан тұрғызып жіберген соң ғана үйге жүреді. Өскен сайын сызданып, суықтанып келеді. Сол мінезін байқаған үлкендер: «Енді бұны өлтіріп, терісін алу керек осы кәпір түбінде ел болмайды», – дейтін де болып еді. Бірақ Құрмаш көнбеді. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінен үзінді

Құрмаштың Көксерекке деген сезімі

  1. Aшарасыздық таныту
  2. Bшыдамсыздық таныту
  3. Cмейірімділік таныту
  4. Dдәрменсіздік таныту
Жауап пен талдауды көрсетуЖауап пен талдауды жасыру

Дұрыс жауап

  • Cмейірімділік таныту

Бұл тапсырманың талдауы әзірге жоқ.

Тапсырмадағы қате

Шартындағы, нұсқаларындағы немесе талдауындағы қатені сипаттаңыз. 1000 таңбадан аспасын.

«Көркем шығарма үзіндісімен жұмыс» тақырыбы бойынша ұқсас тапсырмалар

Тақырыптағы барлық 11 тапсырма

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша репетиторлар

Тренажер

«Көркем шығарма үзіндісімен жұмыс» тақырыбын жаттықтырыңыз

11 тапсырма бір-бірден, жауабы мен талдауы бірден көрсетіледі. Уақыт шектеуі жоқ.

Өз сынағыңыз

Таймері бар сынақ жинаңыз

ҰБТ сияқты: тапсырмаға 2 минут.

Қай тапсырмалардан
Неше тапсырма