1. Бұрын кітап сөресін классикалық әдебиетпен толтырып қою мақсат сияқты еді. Сыйлыққа кітап сыйлау да құрмет саналатын. Қазір кейбір замандастарымыз «Ғаламтор тұрғанда үйде кітап сақтау керек емес» деп санайды. Расында солай ма? 2. Ғаламтор жүйесімен қамтылу тұрғысынан Жапония әлемдегі ең алдыңғы қатарлы ел бола тұра, бұл елдің тұрғындары электронды кітапқа аса құмар емес. Баспа ісі жақсы жолға қойылған. Кітап өндірісі жөнінен Жапония – әлемдегі алдыңғы орында тұрған ел. Баспадан шыққан кітаптардың 35 пайызы қоғамдық-саяси әдебиет болса, 30 пайызы – балалар әдебиеті. 3. R.R.Bowker-дің зерттеуіне сүйенсек, Жапония тұрғындарының 72 пайызы электронды кітапты көрмепті, болашақта да сандық үлгідегі дүниелерді оқуды жоспарламайды екен. Есесіне қағазға басылып шыққан әдеби кітаптар, әлеуметтік тақырыптағы еңбектер сұранысқа ие. Егер АҚШ -та оқырмандардың 20 пайызы электронды кітаптарды ғаламтордан алатын болса, Жапония азаматтарының тек 8 пайызы электронды жазбаларды өмірінде бір рет болса да оқығанын айтқан. Бұл – электронды кітаптардың оқылуы бойынша әлемдегі ең төменгі көрсеткіш. Токиодағы электронды кітаптар баспасының негізін қалаған Робин Бертлдің айтуынша, Жапония электронды кітап оқу жөнінен Батыстан артта қалып келеді. Жапондардың электронды кітаптардан гөрі қағазға басылған еңбекті қалауы қолмен ұстайтын нақты дүниені бағалайтын менталитеттің әсерінен болса керек. Бүгінде Жапонияның кітап дүкендерінде бар болғаны 40 мың электронды кітап бар.
Робин Бертлдің пайымы
Жауап пен талдауды көрсетуЖауап пен талдауды жасыру
Дұрыс жауап
- DЖапония халқы электронды кітап оқудан батыс елдерінен артта қалған.
Бұл тапсырманың талдауы әзірге жоқ.