
Мадиева Мадина
Сабақтарымда ағылшын тілінің дағдыларын: speaking, listening, reading, writing, grammar мен vocabulary-ді дамытуға көңіл бөлемін.
Өзім туралы
Hello! Есімім Мадина. Мен №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжінің түлегімін. Мамандығым: Шет тілі мұғалімі. Білім беру саласындағы алғашқы тәжірибемді “Үркер” бастауыш мектебінде тәрбиеші және ағылшын тілі мұғалімі ретінде жинақтадым. Онда 1 жыл бойы балаларға білім мен шабыт беруге күш салдым. Қазіргі таңда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Шет тілі: екі шет тіл мұғалімі» мамандығы 2-курс студентімін.
Менің кредом — «Әр сабақта оқушы ең болмағанда 1% жаңа нәрсе үйренсін! Қолдансын! Сенімді болсын!»
Сабақтағы басты мақсатым — оқушыны тілді қызығушылықпен әрі қорықпай үйренуге ынталандыру және бағыт беру. Әрбір оқушының тіл үйренуде өзін еркін сезінуі мен үшін маңызды.
Пікірлер
Пікірлер әзірге жоқ.
Пікірді сайт арқылы осы репетиторға өтініш жіберген оқушы ғана қалдыра алады. Сондықтан пікір аз, бірақ әрқайсысы нақты сабаққа тиесілі.