
Жансая Бекполатова
Работает с учениками:Средняя школа Старшая школа Студенты
Опыт работы:1-2 года
Где проходят занятия:Онлайн
Сәлем! Менің атым – Жансая Қасымхан, мен ағылшын тілінің репетиторымын. Қазіргі уақытта Сүлейман Демирель университетінде (SDU) «Аударма ісі» мамандығында оқып жатырмын.
Мен iQanat жеке мектебінің түлегімін, онда мықты академиялық дайындықтан өттім және ағылшын тілін тереңдетіп меңгердім. Бір жылдың ішінде деңгейімді C1-ден C2-ге дейін көтердім, ал ҰБТ-дан 128 балл жинадым. Сонымен қатар, республикалық олимпиадаларға қатысып, білімімді шыңдадым.
Қазір мен ағылшын тілін үйретемін, оқушыларға грамматиканы түсінуге, сөздік қорын байытуға және еркін сөйлеуге көмектесемін. Сабақтарымда заманауи әдістерді қолданып, әр оқушыға жеке тәсілмен қараймын, осылайша оқыту тиімді әрі қызықты болады.
Оқыту әдістемесі австриялық тәсілге негізделген, онда басты назар коммуникативтік дағдыларды дамытуға аударылады. Бұл әдіс тілдік ортаға толық ену принципіне сүйенеді, яғни оқушы сабақ барысында тілді тек теория ретінде емес, тірі қарым-қатынас құралы ретінде қабылдайды.
Сабақтарда тек грамматикалық ережелерді жаттатпай, оларды күнделікті қарым-қатынаста қолдануға үйрету маңызды. Сондықтан сабақтарда диалогтар, рөлдік ойындар, пікірталастар ұйымдастырылып, тілдік кедергіні жоюға көмектесетін әдістер қолданылады.
Сонымен қатар, тыңдалым мен оқуға да ерекше көңіл бөлінеді. Ағылшын тіліндегі мәтіндер мен аудиожазбалар арқылы есту қабілетін дамыту, жаңа сөздерді тез меңгеру және сөйлем құрылымын түсіну оңай болады. Әдістеме оқушыны сөздік қорын кеңейтуге, дұрыс сөйлеуге және ойын еркін жеткізуге бағыттайды.
Бұл тәсіл әсіресе ағылшын тілінде сөйлей алмайтын немесе ұзақ уақыт бойы теорияны оқып, бірақ оны іс жүзінде қолдана алмаған адамдарға өте тиімді. Сабақтар интерактивті түрде өтеді, сондықтан тілді үйрену қызықты әрі нәтижелі болады.