Үлкен теннис
Үлкен теннис – доппен және ракеткалармен арнайы алаңда (кортта) ойналатын, тор арқылы екіге бөлінген спорттық ойын. Ойынның мақсаты – ракетка соққысымен допты қарсыластың жарты алаңына жіберу, сонда қарсылас оны қайтара алмайды немесе ережені бұзып қайтарады. Теніспен үнемі шұғылдану ептілікті, реакцияны, төзімділікті, қимыл үйлестіруді және күшті дамытады.
Теннис добы – ақ немесе сары түсті түкті матамен қапталған қуыс резеңке шар. Доптың массасы: 57 г, диаметрі: 6,5 см. Ол серпімді және секіргіш болуы керек. Доп басының үстінен күшті соққымен жоғарыдан беріледі. Доптың берілу кезіндегі немесе ойын барысындағы соққы кезіндегі жылдамдығы 180 км/сағ жылдамдыққа жетуі мүмкін.
Корт бекітілген биіктігі шамамен 1 метр болатын берік жіңішке бауларынан жасалған тормен тең екіге бөлінеді. Берілістен кейін доп қарсыластың алаңында торға жақынырақ түсуі үшін, оны мүмкіндігінше жоғары тұрған кезде беру керек екені түсінікті. Кейде спортшылар берілісті шамамен 3 м биіктікте секіріп орындайды.
Егер доп ең үлкен жылдамдықпен және ең үлкен биіктікте берілсе, онда допқа соққы бергеннен кейінгі оның толық механикалық энергиясы ( м/с) тең
Жауап пен талдауды көрсетуЖауап пен талдауды жасыру
Дұрыс жауап
- A≈ 72,96 Дж
Бұл тапсырманың талдауы әзірге жоқ.