Химия пәнінен № 442 тапсырма: Атом құрамы және құрылысы. Химиялық байланыс және зат құрылысы

Атом құрамы және құрылысы. Химиялық байланыс және зат құрылысыМәтін бойынша · жеңіл

Хром және оның қосылыстары. Хром жер қыртысында едәуір кең таралған элемент (массасы бойынша 0,03 %). Хромның негізгі қосылыстары – хромды темір тас (хромит) FeO⋅CrX2OX3\ce{FeO} \cdot \ce{Cr2O3}. Маңызы жағынан екінші минерал – крокоит PbCrOX4\ce{PbCrO4}. Сондай-ақ хромның мынадай минералдары да бар: магнохромит MgFeCr2O4\mathrm{MgFeCr_2O_4}, хромпикотит MgFe(Cr⋅Al)2O4\mathrm{MgFe(Cr \cdot Al)_2O_4} және алюмохромит MgFe(Cr⋅Al⋅Fe)2O4\mathrm{MgFe(Cr \cdot Al \cdot Fe)_2O_4}. Табиғи хром төрт тұрақты изотоптан тұрады: 2450Cr^{50}_{24}\mathrm{Cr} (4,345 %), 2452Cr^{52}_{24}\mathrm{Cr} (83,789 %), 2453Cr^{53}_{24}\mathrm{Cr} (9,501 %), 2454Cr^{54}_{24}\mathrm{Cr} (2,365 %). Хромға +2, +3 және +6 тотығу дәрежелері тән. Хромның +2 қосылыстары негіздік, +3 қосылыстары амфотерлік, +6 қосылыстары қышқылдық қасиет көрсетеді. +3 тотығу дәрежесіне амфотерлік оксид CrX2OX3\ce{Cr2O3} және гидроксид Cr(OH)X3\ce{Cr(OH)3} сәйкес келеді. Бұл – хромның ең тұрақты тотығу дәрежесі. CrX2OX3\ce{Cr2O3}-ті сілтілермен балқытқанда хромиттер алынады. +6 тотығу дәрежесіне қышқылдық оксид хром (VI) оксиді CrOX3\ce{CrO3} және бірқатар қышқылдар сәйкес келеді. Олардың қарапайымдары – хром қышқылы HX2CrOX4\ce{H2CrO4} және екіхром қышқылы HX2CrX2OX7\ce{H2Cr2O7}. Олар тұздардың екі қатарын түзеді: сәйкесінше сары хроматтар және қызғылт сары дихроматтар. Хроматтар сілтілік ортада, дихроматтар қышқыл ортада тұрақты болады. Хроматтардың ерігіштігі шамамен сульфаттардың ерігіштігіне сәйкес келеді.

Хром атомының орташа атомдық массасы, егер 2450Cr^{50}_{24}\mathrm{Cr} (4,345 %), 2452Cr^{52}_{24}\mathrm{Cr} (83,789 %), 2453Cr^{53}_{24}\mathrm{Cr} (9,501 %), 2454Cr^{54}_{24}\mathrm{Cr} (2,365 %) изотоптары белгілі болса

  1. A52,055
  2. B52,723
  3. C50,619
  4. D51,864
Жауап пен талдауды көрсетуЖауап пен талдауды жасыру

Дұрыс жауап

  • A52,055

Бұл тапсырманың талдауы әзірге жоқ.

Тапсырмадағы қате

Шартындағы, нұсқаларындағы немесе талдауындағы қатені сипаттаңыз. 1000 таңбадан аспасын.

Осы тақырып бойынша ұқсас тапсырмалар

Тақырыптағы барлық 3 тапсырма

«Химия» пәні бойынша репетиторлар

Тренажер

Осы тақырыпты жаттықтырыңыз

3 тапсырма бір-бірден, жауабы мен талдауы бірден көрсетіледі. Уақыт шектеуі жоқ.

Өз сынағыңыз

Таймері бар сынақ жинаңыз

ҰБТ сияқты: тапсырмаға 2 минут.

Неше тапсырма

Тапсырма 1-нұсқаға кіреді — толық тест: 40 тапсырма, 80 минут, баллдар ҰБТ ережелері бойынша.