Атом құрамы және құрылысы. Химиялық байланыс және зат құрылысы

3 тапсырма, оның 1-і талдаумен · «Заттардың бөлшектері» бөлімі

  • Бірнеше жауап · жеңіл

    Орбиталь кванттық сан мынадай мәндерге ие болады

    1. A0,2,3
    2. B0,1,2,3
    3. C1,2,3,4
    4. D0,1
    5. E0,1,3
    6. F0,1,2
    Жауап пен талдауды көрсету

    Дұрыс жауап

    • B0,1,2,3
    • D0,1
    • F0,1,2

    Бұл тапсырманың талдауы әзірге жоқ.

    449-тапсырманы ашу

  • Мәтін бойынша · жеңіл

    Хром және оның қосылыстары. Хром жер қыртысында едәуір кең таралған элемент (массасы бойынша 0,03 %). Хромның негізгі қосылыстары – хромды темір тас (хромит) FeO⋅CrX2OX3\ce{FeO} \cdot \ce{Cr2O3}. Маңызы жағынан екінші минерал – крокоит PbCrOX4\ce{PbCrO4}. Сондай-ақ хромның мынадай минералдары да бар: магнохромит MgFeCr2O4\mathrm{MgFeCr_2O_4}, хромпикотит MgFe(Cr⋅Al)2O4\mathrm{MgFe(Cr \cdot Al)_2O_4} және алюмохромит MgFe(Cr⋅Al⋅Fe)2O4\mathrm{MgFe(Cr \cdot Al \cdot Fe)_2O_4}. Табиғи хром төрт тұрақты изотоптан тұрады: 2450Cr^{50}_{24}\mathrm{Cr} (4,345 %), 2452Cr^{52}_{24}\mathrm{Cr} (83,789 %), 2453Cr^{53}_{24}\mathrm{Cr} (9,501 %), 2454Cr^{54}_{24}\mathrm{Cr} (2,365 %). Хромға +2, +3 және +6 тотығу дәрежелері тән. Хромның +2 қосылыстары негіздік, +3 қосылыстары амфотерлік, +6 қосылыстары қышқылдық қасиет көрсетеді. +3 тотығу дәрежесіне амфотерлік оксид CrX2OX3\ce{Cr2O3} және гидроксид Cr(OH)X3\ce{Cr(OH)3} сәйкес келеді. Бұл – хромның ең тұрақты тотығу дәрежесі. CrX2OX3\ce{Cr2O3}-ті сілтілермен балқытқанда хромиттер алынады. +6 тотығу дәрежесіне қышқылдық оксид хром (VI) оксиді CrOX3\ce{CrO3} және бірқатар қышқылдар сәйкес келеді. Олардың қарапайымдары – хром қышқылы HX2CrOX4\ce{H2CrO4} және екіхром қышқылы HX2CrX2OX7\ce{H2Cr2O7}. Олар тұздардың екі қатарын түзеді: сәйкесінше сары хроматтар және қызғылт сары дихроматтар. Хроматтар сілтілік ортада, дихроматтар қышқыл ортада тұрақты болады. Хроматтардың ерігіштігі шамамен сульфаттардың ерігіштігіне сәйкес келеді.

    Хром атомының орташа атомдық массасы, егер 2450Cr^{50}_{24}\mathrm{Cr} (4,345 %), 2452Cr^{52}_{24}\mathrm{Cr} (83,789 %), 2453Cr^{53}_{24}\mathrm{Cr} (9,501 %), 2454Cr^{54}_{24}\mathrm{Cr} (2,365 %) изотоптары белгілі болса

    1. A52,055
    2. B52,723
    3. C50,619
    4. D51,864
    Жауап пен талдауды көрсету

    Дұрыс жауап

    • A52,055

    Бұл тапсырманың талдауы әзірге жоқ.

    442-тапсырманы ашу

  • Бір жауап · жеңіл

    Хлор атомының сыртқы электрондық қабатына мына электрондық конфигурация сәйкес келеді

    1. A…6s26p5\ldots 6s^{2}6p^{5}
    2. B…4s24p5\ldots 4s^{2}4p^{5}
    3. C…2s22p5\ldots 2s^{2}2p^{5}
    4. D…3s23p5\ldots 3s^{2}3p^{5}
    Жауап пен талдауды көрсету

    Дұрыс жауап

    • D…3s23p5\ldots 3s^{2}3p^{5}

    Талдау

    Хлор 3-периодта орналасқан, демек оның сыртқы электрондық қабаты — үшінші қабат. Хлор VIIA тобында орналасқан, сондықтан оның сыртқы қабатында 7 электрон бар. Хлор атомының толық конфигурациясы (Z=17Z = 17): 1s22s22p63s23p51s^{2}2s^{2}2p^{6}3s^{2}3p^{5}. Олай болса, сыртқы қабатқа 3s23p53s^{2}3p^{5} сәйкес келеді.

    424-тапсырманы ашу