С. Сейфуллин «Сыр сандық», А. Байтұрсынұлы «Егіннің бастары», «Адамдық диқаншысы», Ж. Жабаев «Зілді бұйрық»

2 задания, из них 1 с разбором · раздел «XX ғасырдың I жартысындағы әдебиет»

  • Один ответ · среднее

    А. Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» мысалында дәні толған бас иіліп, бос бас көкке қарап тік тұрады. Осы мысалдағы дәні толған бастың бейнесіне баламалы жағдайды анықтаңыз.

    1. AБілімі аз адам өзін ғалымдай ұстап, басқаға тоқтаусыз ақыл айтады.
    2. BКөп оқыған адам өз біліміне масайрап, өзгені менсінбейді.
    3. CБілімсіз адам өз кемшілігін сезіп, оқуға құлықсыз үнсіз отырады.
    4. DКөп білім алған маман жетістігіне қарамай қарапайым, көпшілікпен ақылдаса жүреді.
    Показать ответ и разбор

    Верный ответ

    • DКөп білім алған маман жетістігіне қарамай қарапайым, көпшілікпен ақылдаса жүреді.

    Разбор

    Мысалда егіннің басы адам бейнесіне теңеледі: дәні толған бас иіледі, яғни білімі мол, ақыл-парасаты жетілген адам кішіпейіл болады. Бос бас тік тұрады, яғни білімі таяз адам менмен, мақтаншақ келеді. Сондықтан толған басқа «көп білім алған, бірақ қарапайым, көпшілікпен ақылдасатын маман» баламалы. «Білімі аз адам өзін ғалымдай ұстайды» бос бастың бейнесіне сай келеді. «Көп оқыған адам өзгені менсінбейді» мысалдағы теңеуге қайшы, себебі толған бас иілуі тиіс. «Білімсіз адам үнсіз отырады» бос бас пен толған бастың салыстырмасына жатпайды.

    Открыть задание 1225

  • Один ответ · лёгкое

    Би, болысты тәңірі атты, Ел қорғауға жарамай. Ағайынды еңіретті, Көз жасына қарамай. Жамбыл Жабаевтың 1916 жылғы оқиғаға қатысты өлеңі

    1. A«Жаныс ақынға»
    2. B«Атаның әлдиі»
    3. C«Патша әмірі тарылды»
    4. D«Сұраншы батыр»
    Показать ответ и разбор

    Верный ответ

    • C«Патша әмірі тарылды»

    Разбора у этого задания пока нет.

    Открыть задание 704