Мектеп оқушылары және кітап
Өткен оқу жылында қалалық №12 мектепте 8–11 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 200 оқушы қатысты. Мақсаты – жасөспірімдердің күнделікті уақытын кітап оқуға қаншалықты жұмсайтынын анықтау.
Нәтижесі бойынша оқушылардың 45 пайызы күніне жарты сағаттан аз кітап оқиды, 35 пайызы жарты сағаттан бір сағатқа дейін оқиды, ал 20 пайызы бір сағаттан артық уақыт бөледі. Әлеуметтік желіде күніне үш сағаттан көп отыратындар 60 пайыз болды. Оқушылардың көбі кітап оқуға уақыт жетпейді деп жауап берді. Алайда мектеп кітапханашысы Айгүл Серікқызы «уақыт жетпейді» дегенді сылтау деп санайды: «Телефонға берілген бес минуттарды жинасақ, күніне жарты сағат кітапқа жетеді».
Сауалнама тағы бір қызықты жайтты көрсетті. Кітап оқитын оқушылардың басым бөлігі оқығанын достарымен талқылайды. Мұндай оқушылардың сабақ үлгерімі де жоғары екен. Осыдан кейін мектеп әкімшілігі «Бір кітап – бір пікірсайыс» жобасын бастауды ұйғарды. Жоба аясында ай сайын бір кітап таңдалады, оқушылар оны оқып, сыныпта талқылайды.
Мектеп әкімшілігі «Бір кітап – бір пікірсайыс» жобасын бастауды не себепті ұйғарды?
Показать ответ и разборСкрыть ответ и разбор
Верный ответ
- AОқығанын талқылайтын оқушылардың үлгерімі жоғары екен.
Разбор
Мәтінде кітап оқитын оқушылардың басым бөлігі оқығанын достарымен талқылайтыны және мұндай оқушылардың сабақ үлгерімі жоғары екені айтылған. Жоба осыдан кейін бастаған. Басқа жағдайлар туралы мәтінде айтылмаған.