
Құралай
Қытай тілі — нөлден бастап үйрену және сөйлеу тәжірибесі | Қазақ тілінде математика | Қарапайым әрі түсінікті сабақтар
О себе
Сәлем! Мен Құралаймын. Қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қолданбалы математика мамандығында оқимын.
Мен Қытайда 15 жыл бойы өмір сүріп, қытай тілін ана тілімдей еркін меңгердім. Қытай тілін нөлден бастап үйренгісі келетіндерге де, күнделікті сөйлеу дағдысын жақсартқысы келетіндерге де көмектесемін. Сабақтарда қарапайым сөздер мен сөйлемдерден бастап, күнделікті өмірдегі тақырыптар бойынша сөйлесіп үйренеміз.
Сонымен қатар, мен қолданбалы математика мамандығында оқимын. Оқушыларға математикадан білімін нығайтуға, бағаларын жақсартуға және есептерді өз бетінше шығаруды үйренуге көмектескім келеді. Тақырыптарды қарапайым тілмен түсіндіріп, есептерді қадам-қадаммен шығарамыз.
Менің мақсатым — қытай тілін үйренуді қызықты, ал математиканы түсінікті етіп, оқушыға математикадан қорықпай, өзіне сенімді болуға көмектесу.
Образование
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУБакалавриат, 2025–2029
Цены
Отзывы
Отзывов пока нет.
Отзыв может оставить только ученик, который отправлял этому репетитору заявку через сайт. Поэтому отзывов здесь мало, но каждый принадлежит реальному занятию.