Химия пәнінен № 440 тапсырма: Ауыспалы элементтер және оның қосылыстары. Кешенді қосылыстар

Ауыспалы элементтер және оның қосылыстары. Кешенді қосылыстарМәтін бойынша · жеңіл

Хром және оның қосылыстары. Хром жер қыртысында едәуір кең таралған элемент (массасы бойынша 0,03 %). Хромның негізгі қосылыстары – хромды темір тас (хромит) FeO⋅CrX2OX3\ce{FeO} \cdot \ce{Cr2O3}. Маңызы жағынан екінші минерал – крокоит PbCrOX4\ce{PbCrO4}. Сондай-ақ хромның мынадай минералдары да бар: магнохромит MgFeCr2O4\mathrm{MgFeCr_2O_4}, хромпикотит MgFe(Cr⋅Al)2O4\mathrm{MgFe(Cr \cdot Al)_2O_4} және алюмохромит MgFe(Cr⋅Al⋅Fe)2O4\mathrm{MgFe(Cr \cdot Al \cdot Fe)_2O_4}. Табиғи хром төрт тұрақты изотоптан тұрады: 2450Cr^{50}_{24}\mathrm{Cr} (4,345 %), 2452Cr^{52}_{24}\mathrm{Cr} (83,789 %), 2453Cr^{53}_{24}\mathrm{Cr} (9,501 %), 2454Cr^{54}_{24}\mathrm{Cr} (2,365 %). Хромға +2, +3 және +6 тотығу дәрежелері тән. Хромның +2 қосылыстары негіздік, +3 қосылыстары амфотерлік, +6 қосылыстары қышқылдық қасиет көрсетеді. +3 тотығу дәрежесіне амфотерлік оксид CrX2OX3\ce{Cr2O3} және гидроксид Cr(OH)X3\ce{Cr(OH)3} сәйкес келеді. Бұл – хромның ең тұрақты тотығу дәрежесі. CrX2OX3\ce{Cr2O3}-ті сілтілермен балқытқанда хромиттер алынады. +6 тотығу дәрежесіне қышқылдық оксид хром (VI) оксиді CrOX3\ce{CrO3} және бірқатар қышқылдар сәйкес келеді. Олардың қарапайымдары – хром қышқылы HX2CrOX4\ce{H2CrO4} және екіхром қышқылы HX2CrX2OX7\ce{H2Cr2O7}. Олар тұздардың екі қатарын түзеді: сәйкесінше сары хроматтар және қызғылт сары дихроматтар. Хроматтар сілтілік ортада, дихроматтар қышқыл ортада тұрақты болады. Хроматтардың ерігіштігі шамамен сульфаттардың ерігіштігіне сәйкес келеді.

Натрий хромитінің формуласы

  1. ANaCrOX2\ce{NaCrO2}
  2. BNaX2CrX2OX7\ce{Na2Cr2O7}
  3. CNaX3[Cr(OH)X6]\ce{Na3[Cr(OH)6]}
  4. DNaX2CrOX4\ce{Na2CrO4}
Жауап пен талдауды көрсетуЖауап пен талдауды жасыру

Дұрыс жауап

  • ANaCrOX2\ce{NaCrO2}

Талдау

Мәтін бойынша хромиттер амфотерлі CrX2OX3\ce{Cr2O3} оксидін сілтілермен балқыту арқылы алынады, демек, хромитте хромның тотығу дәрежесі +3. Балқыту кезінде метахромды қышқылдың HCrOX2\ce{HCrO2} тұзы түзіледі: CrX2OX3+2 NaOH→t2 NaCrOX2+HX2O\ce{Cr2O3 + 2NaOH ->[t] 2NaCrO2 + H2O} Тексеру: NaCrOX2\ce{NaCrO2} құрамында хромның тотығу дәрежесі +1+x−4=0+1 + x - 4 = 0, яғни x=+3x = +3. Хроматтар мен дихроматтар құрамында хромның тотығу дәрежесі +6, ал NaX3[Cr(OH)X6]\ce{Na3[Cr(OH)6]} гидроксокешені балқыту кезінде емес, сілті ерітіндісінде түзіледі, сондықтан натрий хромиті — NaCrOX2\ce{NaCrO2}.

Тапсырмадағы қате

Шартындағы, нұсқаларындағы немесе талдауындағы қатені сипаттаңыз. 1000 таңбадан аспасын.

Осы тақырып бойынша ұқсас тапсырмалар

Тақырыптағы барлық 4 тапсырма

«Химия» пәні бойынша репетиторлар

Тренажер

Осы тақырыпты жаттықтырыңыз

4 тапсырма бір-бірден, жауабы мен талдауы бірден көрсетіледі. Уақыт шектеуі жоқ.

Өз сынағыңыз

Таймері бар сынақ жинаңыз

ҰБТ сияқты: тапсырмаға 2 минут.

Неше тапсырма

Тапсырма 1-нұсқаға кіреді — толық тест: 40 тапсырма, 80 минут, баллдар ҰБТ ережелері бойынша.