Ш. Қанайұлы «Зар Заман», С. Аронұлы «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы», М. Мөңкеұлы «Үш қиян», «Сарыарқа» т.б.

2 тапсырма, оның 1-і талдаумен · «Жыраулар поэзиясы» бөлімі

  • Бір жауап · жеңіл

    Ш. Қанайұлының «Зар заман» толғауының негізгі мазмұны

    1. AХан мен батырлардың ерлігін, жаугершілікті дәріптеу
    2. BТуған жердің табиғатын, көркемдігін суреттеу
    3. CЗаманның бұзылуын, әділетсіздікті сынау
    4. DҒылым-білімнің дамуын, жастарды оқуға шақыру
    Жауап пен талдауды көрсету

    Дұрыс жауап

    • CЗаманның бұзылуын, әділетсіздікті сынау

    Талдау

    Шортанбай Қанайұлы – зар заман ағымының өкілі. «Зар заман» толғауында ақын қоғамдағы адамгершіліктің кемуін, әділетсіздікті, би-болыстардың парақорлығын, заманның бұзылуын сынайды. Сондықтан «Заманның бұзылуын, әділетсіздікті сынау» дұрыс жауап болады. «Хан мен батырлардың ерлігін, жаугершілікті дәріптеу» батырлар жырына тән, «Туған жердің табиғатын, көркемдігін суреттеу» пейзаждық лириканың мазмұны, ал «Ғылым-білімнің дамуын, жастарды оқуға шақыру» ағартушылық әдебиетке жатады.

    1213-тапсырманы ашу

  • Бір жауап · орташа

    «Сүйінбай мен Қатағанның» айтысындағы Сүйінбай ақынның адамгершілік бейнесі

    1. Aдостықты ардақтап, ұлттық бірлікті дәріптеуші
    2. Bел арасындағы өсек-аяңды тоқтатушы
    3. Cқырғыз, қазақтың батырларын салыстырушы
    4. Dел ағаларының атақ-абыройын жырлаушы
    Жауап пен талдауды көрсету

    Дұрыс жауап

    • Aдостықты ардақтап, ұлттық бірлікті дәріптеуші

    Бұл тапсырманың талдауы әзірге жоқ.

    712-тапсырманы ашу